VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар бәсекесі шешуші кезеңге жетті. 6 қыркүйек күні Қазақстан мен Қырғызстан ұлттық құрамалары чемпиондық атақ үшін сынға түседі.
Қазақстан көкпаршылары топтық кезеңде Ресей мен Мажарстан құрамаларын жеңіп, өз тобында көш бастады. Ал Қырғызстан құрамасы Өзбекстан, Моңғолия және Ауғанстан командаларынан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.
Қола жүлде үшін өткен тартысты кездесуде Ресей құрамасы Өзбекстанды 5:4 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Енді Ыстықкөл төрінде қос елдің көкпаршылары алтын жүлде үшін атқа қонады!
6 қыркүйек | 11:00 (Қазақстан уақытымен)
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры



