Антальядағы гольф додасы рекорд орнатты
Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы інжу-маржаны — Анталья спорттық туризмнің жаһандық орталығына айналып келеді.

Анталия жағалауындағы ең беделді курорттардың бірі Белек төрінде өткен “144 – Question of Honor” турнирі биыл қатысушылар саны бойынша жаңа межеге шықты. Еуропаның 9 елінен келген 500-ден астам гольфшы бес бірдей кәсіби алаңда бақ сынасты, деп хабарлайды Qazlife.kz сайты.
Алғаш рет 2016 жылы Германияның Бад-Гризбах қаласында негізі қаланған “144 – Question of Honor” бүгінде Еуропадағы ең ірі әуесқой турнирлердің бірі саналады. Жыл сайын төрт мемлекеттің басын қосатын аталмыш дода 20-дан астам елдің ойыншыларын біріктіреді. Командалық «матч-плей» форматында өтетін бұл бәсеке тек ұпай үшін емес, адалдық, өзара сыйластық пен ұжымдық бірлік сияқты гольф этикасын дәріптеуді көздейді.
Антальяның Белек аймағы — жұмсақ климаты мен таңғажайып табиғатының арқасында гольф ойнауға ең қолайлы өңір. Мұнда бес жұлдызды қонақүйлер мен әлемдік деңгейдегі чемпионат алаңдары бір арнаға тоғысқан. Жылына 300 күн шуақ шашатын бұл өлкеде спорттық маусым он айға дейін созылады.
GoTürkiye қолдауымен ұйымдастырылған шара Антальяның спорттық хаб ретіндегі әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп, Түркия Ривьерасына әлемдік медианың назарын аударды.



