Қазақстанда ЖИ министрлігі құрылады
Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.
— Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында МЦРИАП базасында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Ал инновациялық саясатқа қатысты функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі. Осыған байланысты тиісті Жарлық жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдардың келісуіне жіберілді, — деді министр.