БілімСпорт

Мектеп оқушылары таңғы жаттығулар жасайтын болады

9 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық мектептерінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңа жобасы – оқушыларға арналған жүйелі таңғы жаттығу басталады.
Сабаққа дейінгі қысқа үш минуттық жаттығу оқу процесінің бір бөлігіне айналмақ. Ол әр аптаның сейсенбі күні барлық оқушылар мен педагогтердің қатысуымен ұйымдастырылады. Жаттығуды дене шынықтыру педагогтері пән ұстаздарымен бірлесе жүргізеді.
Музыкалық сүйемелдеуі мен қимылдары Министрлікпен бекітілген үш жас ерекшелігіне арналған жаттығу кешендерін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы қызметкерлері жаттықтырушылар мен хореографтардың қатысуымен әзірледі. Жаттығу барлық мектептер үшін бірыңғай форматта қолданылмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button